«Балбөбек» жеке бөбекжайы бойынша мәлімет
Бөбекжайдың жобалық қуаттылығы 75 орын, топтар саны-5. Тәрбиеленушілерді оқыту мен тәрбиелеу сапасын арттыру мақсатында аудандық «Бәрін білгім келеді » эксперименттік алаң жұмысы және «Экобалабақша» жобасы жүргізілуде.
Бөбекжай педагогтерінің жалпы санынан кәсіптік білімі бар педагогтердің үлесі:
Педагогтардың жалпы саны-7, оның 2-і жоғары білімді 28% болса 5 педагог арнаулы орта білімді 72% -ды құрайды. 4 тәрбиешіде «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығы бар 100% құрайды.
Біліктілік санаты бар педагогтер үлесі: Педагог –зерттеуші -1,педагог-сарапшы-0, педагог-модератор-3.
Барлық педагогтар 100% кәсіби біліктіліктерін арттырды.
Сонымен қатар тәрбиешілеріміз бен тәрбиеленушілеріміз республикалық онлайн байқаулардың жүлдегерлері атанды.
Ата-аналармен жұмыс жоспарға сай жүргізілуде, жаңартылған форматта ата-аналар жиналысы мен «Әкелер мектебі», «Аналар мектебі», «Әжелер мектебі», «Аталар мектебі» жұмысы ұйымдастырылып әлеуметтік желіде жарияланды. Бөбекжайымызда семинарлар жыл сайын жоспарға сай өткізіліп отыр. Әр маусым сайын балабақшаның тәрбиелеу мен оқыту сапасын арттыру мақсатында ата-аналар арасында сауалнама жүргізіліп, ашық есік күні ұйымдастырылып отырады.